Меню KDT

Достарыммен бөлісу:


Бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға конкурс жариялау

24.07.2014 ж.

Астана қаласының Білім басқармасы бос басшылық лауазымдарына конкурс жариялайды:

 1. Астана қаласы Білім басқармасының № 35 «Ертегі», № 54 «Нұрай» балабақша меңгерушілері лауазымына – 2 бірлік.

(лауазымдық айлықақысы еңбек еткен жылдарына байланысты – 53 622 теңгеден 59 285 теңгеге дейін).

Лауазымдық міндеттері: Білім беру қызметін жүргізу құқығына берілетін лицензияға, мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу жарғысына және басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкес мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеуді ұйымдастыру қызметін басқарады. Педагогикалық кеңеспен бірге белгіленген тәртіпте оқу жұмыс жоспарларын, негізгі (вариативтік, авторлық) мектепке дейінгі білім беру бағдарламаларын, ішкі тәртіп ережелерін әзірлеуді және бекітуді ұйымдастырады. Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес білім беру бағдарламаларын іске асыруды қамтамасыз етеді; оқыту-тәрбиелеу процесінде тәрбиеленушілер мен ұйым қызметкерлерінің өмірінің қауіпсіздігі мен денсаулығын сақтауға қажетті жағдайлар жасайды.

Ұйымды басқару құрылымын анықтайды, қаржы, шаруашылық, ғылыми, әдістемелік және басқа да мәселелерді шешеді. Тәрбиеленушілер контингентін қалыптастырады, оларды әлеуметтік қорғауды қамтамасыз етеді. Педагогикалық қоғамдық ұйымның және әдістемелік бірлестіктің қызметіне көмек көрсетеді. Тәрбиеленушілерді тамақтандыруға және оларға медициналық қызмет көрсетуге, денсаулығын сақтау мен нығайтуға қажетті жағдайларды ұйымдастырады. Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу ұйымының мүліктері мен қаражатына белгіленген заңнамалық тәртіппен иелік етеді, жыл сайын құрылтайшылардан түскен қаржы мен оның шығысы туралы есеп береді.

Оқу-материалдық базаны сақтау мен нығайтуды, есеп жүргізуді, санитарлық-гигиеналық тәртіптің, еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы ережелерінің сақталуын қамтамасыз етеді. Жұртшылықпен, ұйымдармен, ата-аналармен (оларды алмастырушылармен) өзара байланысты жүзеге асырады. Педагог кадрларды және көмекші қызметшілерді іріктеу мен орналастыруды жүзеге асырады, қызметкерлердің лауазымдық нұсқаулықтарын әзірлейді. Кадрлардың кәсіби шеберліктерін арттыруға жағдай жасайды. Белгіленген тәртіп бойынша қызметкерлерді аттестаттаудан өткізеді.

Педагогикалық кеңестің жұмысын басқарады. Мемлекеттік, қоғамдық және басқа да ұйымдарда мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу ұйымын танытады. МдОТҰ-ның қызметі туралы қажетті есеп дайындауды және ұсынуды қамтамасыз етеді.

Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы", "Бала құқықтары туралы конвенциясын, Қазақстан Республикасының «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы» кодексін, Қазақстан Республикасының «Баланың құқықтары туралы» Заңын, "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы", "Неке және отбасы туралы", "Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" Заңдарын және басқа да білім беруді дамытудың бағыттары мен келешегін айқындайтын нормативтік құқықтық актілерді; педагогика мен психология негіздерін; мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын; педагогиканы, педагогикалық психологияны, педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктерін; экономика негіздерін, қаржы-шаруашылық қызмет туралы заңнамаларды, еңбек туралы, еңбекті қорғаудың, техника қауіпсіздігі және өртке қарсы қорғанудың ережелері мен нормаларын, санитарлық ережелер мен нормаларды, дәрігерге дейінгі медициналық көмектің негіздерін.

Біліктілікке қойылатын талаптар:жоғары педагогикалық білім және мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу ұйымдарындағы педагогикалық жұмыс өтілінің 5 жылдан кем болмауы тиіс.

 Конкурс Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 қыркүйектегі № 849 қаулысымен бекітілген «Азаматтық қызметке кіру және азаматтық қызметшінің бос лауазымына орналасуға конкурс өткізу ережесі» негізінде өткізіледі.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар жергілікті газеттерде хабарландыру жарияланған күннен кейін 15 күн ішінде 010000, Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 11-үй, 722-кабинетке тапсырылуы тиіс.

Анықтама телефондары: 55-68-55, 55-68-57.

 
-------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
Астана қаласының Білім басқармасындағы «Б» корпусы бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға үміткердің конкурстық комиссиясының оң нәтижесін алған кандидат туралы мәліметтер (04.07.2014)

Аты-жөні Санаты ескерту
1 Амангелдіқызы Диана Д-О-4  
2 Исмуханова Ляззат Исламбековна Д-О-4  
3 Игибаева Гулбану Утепбаевна Д-О-5  
4 Какимгалиева Нургул Абдигалиевна Д-О-4  

  Конкурстық комиссияның хатшысы:                                               Ж. Әбдірасилова

-------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
Астана қаласының Бөлім басқармасындағы сұхбаттасуға жіберілген «Б» корпусы бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға үміткердің тізімі

                                          Сұхбаттасу өтетін күні: 2014 жылғы 30 маусымда сағат 16-00

Аты-жөні

санаты

ескерту

1

Амангелдіқызы Диана

Д-О-4

2

Игибаева Гульбану Утепбаевна

Д-О-4

 

3

Исмуханова Ляззат Исламбековна

Д-О-4

 

4

Какимгалиева Нургул Абдигалиевна

Д-О-4

 

5

Тангишпаева Жанна Абилсеитовна

Д-О-4

 

6

Игибаева Гульбану Утепбаевна

Д-О-5

 

7

Сүлейменқызы Ақкенже

Д-О-5

 

 Конкурстық комиссияның хатшысы:                                                                     Ж. Абдрасилова
-------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

«Астана қаласының Білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі, 010000, Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 11, 722 кабинет анықтама үшін телефон: 8 (7172) 55-68-55, 55-68-57, bilim.astana.kz «Б» корпусы бос және уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға конкурс жариялайды:

 Басшысының орынбасары, D-O-2 санаты, 1 бірлік.Лауазымдық жалақысы мемлекеттік қызмет өтіліне қарай 125563 теңгеден 169767 теңгеге дейін.

Негізгі функционалдық міндеттері:Экономикалық талдау және жоспарлау, бухгалтерлік есеп және есептілік бөлімі, мемлекеттік сатып алу және инвестициялық жобалар бөлімдері жұмысын бақылауды қамтамасыз етеді. Бөлімдер мамандарының құрылымдық бөлімшелердің қызметін талдау және пайдалану кәсіпқойлығы мен тиімділігін арттыру жөнінде шаралар қабылдауы.Басқарманың алқа мәжілісі мен кеңестеріне қаржыландыру мәселесі және экономикалық сипаттағы жоспарларды орындау мәселелері бойынша материалдар дайындау. Бюджет қаражаттарының мақсатты пайдаланылуын, бухгалтерлік есептеу жағдайын, мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардың шығыстар сметасын орындауын, тапсырылған есептердің дұрыстығын бақылау. Білім беру саласын қаржыландыру мәселелері бойынша мемлекеттік органдарда және басқа ұйымдарда басқарманың атынан жүру. Білім беру ұйымдарын қаржыландыру және еңбекке ақы төлеу мәселелері бойынша азаматтардың өтініштерін, арыз-шағымдарын қарау.

Үміткерлерге қойылатын негізгі талаптар:Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, менеджмент, есеп және аудит, мемлекеттік және жергілікті басқару), құқық (заңгер, құқық қорғау жұмысы) саласындағы жоғары білім.                    

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:   1) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес; 2) жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған жағдайда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе ғылыми дәрежесінің болуы; 3) мемлекеттік органдарда басшылық немесе өзге лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес;        4) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес,оның ішінде басшылық лауазымдарда бір жылдан кем емес.

  1. Қосымша білім беру және тәрбие жұмысы бөлімінің басшысы (негізгі қызметшінің балаға күтім жасауға байланысты демалысы кезеңіне),D-О-3 санаты, 1 бірлік. Лауазымдық жалақысы мемлекеттік қызмет өтіліне қарай 84 563 теңгеден 114 032 теңгеге дейін.

Негізгі функционалдық міндеттері: Жасөспірімдер арасында нашақорлықтың, құқық бұзушылықтың, зиянды әдеттердің алдын алу жөніндегі республикалық, аймақтық бағдарламалардың орындалуын бақылау. Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарында мектеп оқушыларын тәрбиелеудің кешенді бағдарламасын іске асыру. Мектептен тыс ұйымдар, аула клубтары жұмыстарына бақылау жасау. Негізгі міндеттердің дер кезінде және сапалы орындалуын қамтамасыз ету. Балалар мен жасөспірімдердің қосымша білім алуын қамтамасыз ету. Жоғарыда аталған бағдарламаларды іске асыру жөнінде жұмыс жоспарын жасау, басқармаға қарасты білім ұйымдарынан есептер қабылдау, ҚР Білім және ғылым министрлігіне есеп тапсыру. Ұйымдастыру-шығармашылық іс-шараларын (мерекелер, концерттер), көрмелер, жәрмеңкелер, қайырымдылық акцияларын, ғылыми-ағарту іс-шараларын, республикалық жарыстарды, конкурстарды өткізуді, балалардың жазғы демалысын ұйымдастыруды бақылау. Мектептердің басшыларына, директорлардың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларына, сынып жетекшілеріне, Оқушылар сарайының әдіскерлеріне, әлеуметтік педагогтарға, мектептің полиция инспекторларына консультациялық және практикалық көмек көрсету. Білім ұйымдарының оқушылармен сыныптан және мектептен тыс жұмыстары жөніндегі іс-әрекетін ұйымдастыру.

Үміткерлерге қойылатын негізгі талаптар: «Білім» саласындағы жоғары білім.

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:   1) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес; 2) мемлекеттік органдарда басшылық немесе өзге лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес;       3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде басшылық лауазымдарда бір жылдан кем емес; 4) жоғары оқу орнынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы; 5) ғылыми дәрежесінің болуы.

  1. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бөлімінің басшысы, D-O-3 санаты, 1 бірлік. Лауазымдық жалақысы мемлекеттік қызмет өтіліне қарай 84563 теңгеден 114032 теңгеге дейін.

Негізгі функционалдық міндеттері:Өз құзыреттілігі шеңберінде мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты қалыптастыруға және жүзеге асыруға қатысу. Астана қаласында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жағдайы туралы статистикалық есептерді жинап, талдау жұмысын жүзеге асыру. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту қызметінің бағыттары бойынша мониторинг жасап, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігіне статистикалық және басқа ақпаратты ұсыну. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту қызметін жүзеге асыратын заңды тұлғалардың есебін жүргізу (білім беру қызметінде лицензияны қажет етпейтін түрлері үшін) және мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мазмұны бойынша мәліметтер қорын құру. Мектепке дейінгі әртүрлі типтегі ұйымдарға балаларды жасақтау жүргізу. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуда инновациялық бағдарламалардың және тәжірибелік алаңдардың, озат педагогикалық тәжірибелер мен ғылымның жетістіктерін пайдалану жұмыстарын үйлестіру. Өз құзіреттілігі шеңберінде мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мәселесі бойынша қалалық семинар-кеңестер, семинар-практикумдар, ғылыми-әдістемелік конференциялар ұйымдастыру, республикалық және халықаралық конкурстарды дайындап, өткізуге қатысу. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласында озық тәжірибені зерделеу мен таратуды ұйымдастыру, тәжірибелік алаңдардың жұмысын үйлестіру.

Үміткерлерге қойылатын негізгі талаптар:«Білім» саласындағы жоғары білім.

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:   1) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес; 2) мемлекеттік органдарда басшылық немесе өзге лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес;       3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде басшылық лауазымдарда бір жылдан кем емес; 4) жоғары оқу орнынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы; 5) ғылыми дәрежесінің болуы.

  1. Бухгалтерлік есеп және есептілік бөлімінің басшысы, D-O-3 санаты, 1 бірлік. Лауазымдық жалақысы мемлекеттік қызмет өтіліне қарай 84563 теңгеден 114032 теңгеге дейін.

Негізгі функционалдық міндеттері:Білім ұйымдарын дер кезінде қаржыландыру, бухгалтерлік есептілікті қабылдау және жиынтық есепті жасау, Басқарма аппараты бойынша бухгалтерлік есеп жүргізу, салық және статистикалық есепті, зейнетақымен қамтамасыз ету бойынша есептілік жасау, оларды дер кезінде тиісті органдарға тапсыру, бюджет қаражаттарының дер кезінде игерілуін бақылау. Бөлімнің жұмысына басшылық жасау және бақылау.

Үміткерлерге қойылатын негізгі талаптар:Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару) саласындағы жоғары білім.                      

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:   1) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес; 2) мемлекеттік органдарда басшылық немесе өзге лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес;       3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде басшылық лауазымдарда бір жылдан кем емес; 4) жоғары оқу орнынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы; 5) ғылыми дәрежесінің болуы.

  1. Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау бөлімінің бас маманы, D-O-4 санаты, 1 бірлік.Лауазымдық жалақысы мемлекеттік қызмет өтіліне қарай 64 063 теңгеден 86 485 теңгеге дейін.

Негізгі функционалдық міндеттері:Кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықты, қараусыздықты алдын-алу бойынша қызметі шараларды жүзеге асырумен байланысты коммерциялық емес және өзгеде ұйымдарға ұйымдық-әдістемелік көмек көрсету, жасөспірімдердің құқықтық сауаттылығын арттыру бойынша жұмыс жүргізеді. Кәмелетке толмағандарға қатысты күш көрсету қаталдықты алдын-алу бойынша жұмысты ұйымдастырады. Кәмелетке толмағандар арасында қараусыздықтың, құқық бұзушылықпен өзге де процестердің пайда болуына ықпал ететін себептер мен жағдайларды айқындау бойынша жұмыс жүргізеді, олардың қызметінде практикалық көмек көрсету мақсатында қайырымдылық акцияларын өткізу үшін мекемелермен өзара іс-қимылды жүзеге асырады. Білім мекемелерінде тамақтануды ұйымдастыру мәселелері бойынша жұмысты жүзеге асырады (есеп қабылдау, тамақтану сапасына сараптау тобының жұмысы), көп балалы отбасы балаларына, жетім балаларға арналған жолақы билеттері, әлеуметтік қорғалмаған отбасыларының балаларына киім-кешек. Жасөспірімдердің сауаттылығын арттыру, кәмелетке толмағандар арасында суицидті және аутоқұрылымды бұзатын мінез-құлықты алдын алу бойынша жұмысты жүзеге асырады. Жетекшілік етілетін мәселелер бойынша құрама есептердің жиналуын, өңделуін, талдануын, құрылуын жүзеге асырады. Жұмысты жүзеге асырады. Бөлім құзыретіне кіретін кеңестерді, семинарларды, конференцияларды өткізуге қатысады. Басқарма басшылығы, бөлім басшысының өзге де тапсырмаларын орындайды.

Үміткерлерге қойылатын негізгі талаптар:«Білім», құқық (заңгер, құқық қорғау жұмысы) салаларындағы жоғары білім. Мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда «Білім», құқық (заңгер, құқық қорғау жұмысы) салаларындағы ортадан кейінгі білімі барларға рұқсат етіледі.

         6. Қамқорлық, қорғаншылық және балаларды қолдау бөлімінің бас маманы, D-O-4 санаты, 1 бірлік. Лауазымдық жалақысы мемлекеттік қызмет өтіліне қарай 64 063 теңгеден 86 485 теңгеге дейін.

Негізгі функционалдық міндеттері:Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды патронат тәрбиеге отбасына табыстау тәртібін қамтамасыз етеді. Патронаттық тәрбие бойынша жұмысты ұйымдастырады (әлеуетті патронат тәрбиешілердің тұрмыстық жағдайын зерттеу, сот отырыстарына қатысу). Патронаттағы балалар туралы деректер қорын жасайды, патронаттық тәрбиеге құжаттарды қабылдау және шарт дайындауды жүзеге асырады. Ата-анасының баласынан бас тарту себебі туралы зерттеу жүргізеді. Патронаттық отбасыларындағы жалпы білім беретін мектептерде, колледждерде білім алатын, мектепке дейінгі жастағы жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру, жұмысқа орналастыру және тұрғын үймен қамтамасыз ету жұмысын үйлестіреді. Патронаттық отбасыларындағы балалардың тіршілік жағдайын, білім алуларын және денсаулықтарын бақылауды жетілдіру және жүзеге асыру жөнінде ұсыныс енгізеді.Ата-аналарды құқығынан айыру және шектеу бойынша материалдарды дайындайды (ҚР азаматтары). Сараптама, мониторинг, жинақтау есептерін жинауды қамтамасыз етеді. Ауыр өмірлік жағдайда қалған балаларды таңдау жұмыстарына қатысады.Бөлім құзыретіне жататын мәселелер бойынша азаматтарды қабылдайды. Жетекшілік ететін мәселелер жөнінде өтініштер, шағымдар мен ұсыныстарды қарайды. Басқарма басшыларының және бөлім басшысының басқа да тапсырмаларын орындайды.

Үміткерлерге қойылатын негізгі талаптар:«Білім», құқық (заңгер, құқық қорғау жұмысы), әлеуметтік ғылымдар салаларындағы жоғары білім. Мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда «Білім», әлеуметтік ғылымдар, құқық (заңгер, құқық қорғау жұмысы) салаларындағы ортадан кейінгі білімі барларға рұқсат етіледі.

  1. Қамқорлық, қорғаншылық және балаларды қолдау бөлімінің бас маманы, D-O-4 санаты, 1 бірлік. Лауазымдық жалақысы мемлекеттік қызмет өтіліне қарай 64 063 теңгеден 86 485 теңгеге дейін.

Негізгі функционалдық міндеттері:Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды отбасына қамқорлық және қорғаншылыққа табыстау тәртібін қамтамасыз етеді (әкімдіктің балаларды қамқорлық пен қорғаншылыққа табыстау туралы қаулысын дайындаумен айналысады). Жалпы білім беретін мектептерде, колледждерде білім алатын, мектепке дейінгі жастағы қамқорлық және қорғаншылықтағы балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру, жұмысқа орналастыру және тұрғын үймен қамтамасыз ету жұмысын үйлестіреді. Қамқорлық және қорғаншылық жөніндегі жұмысты (әлеуетті қамқоршылар мен қорғаншылардың тұрмыс жағдайын тексереді, сот отырыстарына қатысады) ұйымдастырады. Қамқоршылардың (қорғаншылардың) деректер қорын, қамқорлық пен қорғаншылықтағы балалардың деректер қорын қалыптастырады. Қамқоршыларға жетім балаларды асырауға жәрдемақы тағайындау бойынша жұмыстар жүргізеді. Асыраушысынан айырылғаны туралы жәрдемақы алуды қадағалайды. Мониторинг, есеп жинау, өңдеу, талдау, жиынтық ақпараттарды қамтамасыз етеді. Қамқорлық пен қорғаншылықтағы балалардың денсаулық жағдайы, тіршілік жағдайы, оқуы, тәрбиесін бақылауды жетілдіру және жүзеге асыру жөнінде ұсыныс енгізеді. Жетекшілік ететін мәселелер бойынша азаматтар мен ұйымдардың өтініштерін, шағымдары мен ұсыныстарын қарайды. Басқарма басшыларының және бөлім басшысының басқа да тапсырмаларын орындайды.

Үміткерлерге қойылатын негізгі талаптар:«Білім», құқық (заңгер, құқық қорғау жұмысы), әлеуметтік ғылымдар салаларындағы жоғары білім. Мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда «Білім», әлеуметтік ғылымдар, құқық (заңгер, құқық қорғау жұмысы) салаларындағы ортадан кейінгі білімі барларға рұқсат етіледі.

  1. Қамқорлық, қорғаншылық және балаларды қолдау бөлімінің бас маманы, D-O-4 санаты, 1 бірлік. Лауазымдық жалақысы мемлекеттік қызмет өтіліне қарай 64 063 теңгеден 86 485 теңгеге дейін.

Негізгі функционалдық міндеттері:Отбасылық саясатты жүзеге асыруға және балаларды отбасыларға орналастырудың баламалы нысандарын дамытуды насихаттауға арналған қоғамдық көзқарас пен азаматтардың бастамаларын қолдау бойынша зерттеу, ақпараттық, консультациялық және ағартушылық жұмыстарды ұйымдастыруға қатысады. Баланы асырап алуға қорытындыны беру бойынша комиссия жұмысын жүргізеді, балаларды отбасыларға беру және қарым-қатынас тәртібі мәселелері бойынша қамқоршылық кеңесінің жұмысын ұйымдастырады (қамқорлыққа алу кеңесі мен комиссиясының хатшысы). Кәмелетке толмағандар ісі бойынша Мамандандырылған ауданаралық сотқа және балалардың тұратын жері мәселелері бойынша қалалық сотқа қатысады, тұрмыстық жағдайлары бойынша актілер өткізеді. Жетекшілік ететін мәселелер бойынша азаматтарды қабылдауды жүргізеді. Есептерді жинақтау, талдау, мониторингін жасайды. Жетекшілік ететін мәселелер бойынша министрліктермен, ведомстволармен және жергілікті атқарушы органдармен қарым-қатынасты жүзеге асырады. Жетекшілік ететін мәселелер бойынша өз құзыретіне қарасты өтініштерді, арыздарды және ұсыныстарды қарастырады. Басқарма басшысының, бөлім басшысының басқа да тапсырмаларын орындайды.

Үміткерлерге қойылатын негізгі талаптар:«Білім», құқық (заңгер, құқық қорғау жұмысы), әлеуметтік ғылымдар салаларындағы жоғары білім. Мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда «Білім», әлеуметтік ғылымдар, құқық (заңгер, құқық қорғау жұмысы) салаларындағы ортадан кейінгі білімі барларға рұқсат етіледі.

  1. Жалпы орта білім беру бөлімінің жетекші маманы, D-O-5 санаты, 1 бірлік. Лауазымдық жалақысы мемлекеттік қызмет өтіліне қарай 57656 теңгеден 78157 теңгеге дейін.

Негізгі функционалдық міндеттері:Мемлекеттік тілде білім беретін мектептер мен сыныптардағы мемлекеттік бағдарлама мен оқу жоспарларының, мемлекеттік білім беру стандартының орындалуын бақылау және 12 жылдық білім беруге көшу жұмыстарына бақылау, басшылық жасау. Орыс тілінде білім беретін мектептердегі қазақ тілінің, қазақ тілінде білім беретін мектептердегі оқу- тәрбие үрдісінің жағдайын талдау. «Қазақстан Республикасының Тіл туралы» Заңының іске асырылуына, білім беру ұйымдарында іс қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізуге бақылауды жүзеге асыру. Білім беру ұйымдарында мемлекеттік тілді меңгеру бойынша білім ұйымдары қызметінің үйлестірілуін қадағалау және жетекшілік етуді жүзеге асыру. Білім беру ұйымдарына шетел азаматтарын, мигрант балаларын және оралмандарды қабылдау және олардың үлгерімін қадағалауды жүзеге асыру. Жетекшілік ететін мәселері бойынша ақпараттар, есептер құру, жиналыс өткізу, алқаға, тамыз кеңесіне құжаттар дайындау. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша есептілік. Білім беру саласында Халықаралық ынтымастық бойынша жұмыс жүргізу. Жетекшілік ететін мәселері бойынша арыз-шағымдарды қарастыру және жоғары тұрған ұйымдарға ақпарат дайындау.

Үміткерлерге қойылатын негізгі талаптар:«Білім» саласындағы жоғары немесе ортадан кейінгі білім.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар: 1) нысанға сәйкес өтініш;                             2) 3х4 үлгідегі суретпен нысанға сәйкес толтырылған сауалнама; 3) бiлiмi туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi; 4) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшiрмесi;          5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілердің тізілімінде 2010 жылы 21 желтоқсанда        № 6697 болып тіркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама;                  6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің көшірмесі;                        7) құжаттарды тапсыру сәтінде шекті мәннен төмен емес нәтижемен тестілеуден өткені туралы қолданыстағы сертификат (немесе нотариатты куәландырылған көшірмесі)

Егер азамат еңбек қызметін жүзеге асырмаған және конкурс жарияланған бос лауазым бойынша жұмыс өтілі талап етілмейтін жағдайларда 4) тармақшасында көрсетілген құжатты ұсыну талап етілмейді. Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады. Мемлекеттік қызметшілермен тапсырылатын 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды олар жұмыс істейтін мемлекеттік органдардың персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) куәландыра алады.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби шеберлiгiне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады. Азаматтар жоғарыда аталған құжат тігілетін мұқабада орналастырылған құжаттарды қолма-қол тәртіпте немесе почта арқылы құжаттарды қабылдау мерзiмiнде бере алады.

Азаматтар жоғарыда аталған құжаттарды хабарламада көрсетілген электрондық почта мекен-жайына электронды түрде бере алады. Конкурсқа қатысу үшін жоғарыда көрсетілген құжаттарды электрондық почта арқылы берген азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күн бұрын кешіктірілмей береді. Жоғарыда аталған құжаттардың түпнұсқасы берілмеген жағдайда тұлға әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Құжаттар конкурс өткізу туралы хабарландыру БАҚ-та («Вечерняя Астана» және «Астана ақшамы») соңғы жарияланған күннен бастап              он жұмыс күні ішінде «Астана қаласының Білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінде (Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 11, 7 қабат, 722 кабинет) қабылданады.

Әңгімелесуге жіберілген үміткерлер конкурс комиссиясы шешім қабылдаған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде әңгімелесу өткізу күні туралы конкурс комиссиясының хатшысымен хабарландырылады. Хабарландыру қатысушылардың электрондық мекен-жайларына және ұялы телефондарына ақпарат жіберу жолымен жүзеге асырылуы мүмкін. Үміткерлермен әңгімелесу «Астана қаласының Білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінде (Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 11, 7 қабат, 722 кабинет) әңгімелесуге шақырған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде өтеді.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушыларды қатыстыруға жол беріледі. Байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі маслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлғалар әңгімелесу басталуына 1 жұмыс күні қалғанға дейін кешіктірмей персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, жоғарыда аталған ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың түпнұсқасын немесе көшірмелерін ұсынуы қажет.

«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына үміткерлер Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің Астана, Алматы, Атырау, Көкшетау, Павлодар, Тараз, Өскемен, Орал, Петропавл, Қостанай, Қызылорда, Қарағанды, Талдықорған, Ақтөбе, Ақтау және Шымкент қалаларындағы аймақтық тестілеу орталықтарында белгіленген тәртіппен өтеді.

D-O-2, D-O-3 cанаттары үшін тестілеу бағдарламасы: мемлекеттік тілді білуге тест (20 тапсырма); логикалық тест (10 тапсырма); Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестке Қазақстан Республикасының Конституциясы (15 сұрақ); «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» (15 сұрақ) Қазақстан Республикасының конституциялық заңдары; «Мемлекеттік қызмет туралы» (15 сұрақ), «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» (15 сұрақ), «Әкімшілік рәсімдер туралы» (15 сұрақ), «Нормативтік құқықтық актілер туралы» (15 сұрақ), «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» (15 сұрақ), «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» (15 сұрақ) Қазақстан Республикасының заңдарын бiлуге арналған тест сұрақтары кiредi.

D-O-4, D-O-5 cанаттары үшін тестілеу бағдарламасы: мемлекеттік тілді білуге тест (20 тапсырма); логикалық тест (10 тапсырма); Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестке Қазақстан Республикасының Конституциясын (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» (15 сұрақ) Қазақстан Республикасының конституциялық заңы, «Мемлекеттік қызмет туралы» (15 сұрақ), «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» (15 сұрақ), «Әкімшілік рәсімдер туралы» (15 сұрақ), «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» (15 сұрақ), «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» (15 сұрақ) Қазақстан Республикасының заңдарын бiлуге арналған тест сұрақтары кiредi.

 
Астана қаласының Білім басқармасы бос басшылық лауазымдарына конкурс жариялайды:

 № 33 «Алтын дән», балабақша меңгерушісі лауазымына – 3 бірлік, Астана қаласы әкімдігінің  № 61 «Шолпан» балабақша меңгерушісі лауазымына – 1 бірлік.

(лауазымдық айлықақысы еңбек еткен жылдарына байланысты – 53 622 теңгеден 59 285 теңгеге дейін).

Лауазымдық міндеттері: Білім беру қызметін жүргізу құқығына берілетін лицензияға, мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу жарғысына және басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкес мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеуді ұйымдастыру қызметін басқарады. Педагогикалық кеңеспен бірге белгіленген тәртіпте оқу жұмыс жоспарларын, негізгі (вариативтік, авторлық) мектепке дейінгі білім беру бағдарламаларын, ішкі тәртіп ережелерін әзірлеуді және бекітуді ұйымдастырады. Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес білім беру бағдарламаларын іске асыруды қамтамасыз етеді; оқыту-тәрбиелеу процесінде  тәрбиеленушілер мен ұйым қызметкерлерінің өмірінің қауіпсіздігі мен денсаулығын сақтауға қажетті жағдайлар жасайды.

Ұйымды басқару құрылымын анықтайды, қаржы, шаруашылық, ғылыми, әдістемелік және басқа да мәселелерді шешеді. Тәрбиеленушілер контингентін қалыптастырады, оларды әлеуметтік қорғауды қамтамасыз етеді. Педагогикалық қоғамдық ұйымның және әдістемелік бірлестіктің қызметіне көмек көрсетеді. Тәрбиеленушілерді тамақтандыруға және оларға медициналық қызмет көрсетуге, денсаулығын сақтау мен нығайтуға қажетті жағдайларды ұйымдастырады. Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу ұйымының мүліктері мен қаражатына белгіленген заңнамалық тәртіппен иелік етеді, жыл сайын құрылтайшылардан түскен қаржы мен оның шығысы туралы есеп береді.

Оқу-материалдық базаны сақтау мен нығайтуды, есеп жүргізуді, санитарлық-гигиеналық тәртіптің, еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы ережелерінің сақталуын қамтамасыз етеді. Жұртшылықпен, ұйымдармен, ата-аналармен (оларды алмастырушылармен) өзара байланысты жүзеге асырады. Педагог кадрларды және көмекші қызметшілерді іріктеу мен орналастыруды жүзеге асырады, қызметкерлердің лауазымдық нұсқаулықтарын әзірлейді. Кадрлардың кәсіби шеберліктерін арттыруға  жағдай жасайды. Белгіленген тәртіп бойынша қызметкерлерді аттестаттаудан өткізеді.

Педагогикалық кеңестің жұмысын басқарады. Мемлекеттік, қоғамдық және басқа да ұйымдарда мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу ұйымын танытады. МдОТҰ-ның қызметі туралы қажетті есеп дайындауды және ұсынуды қамтамасыз етеді.

Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы", "Бала құқықтары туралы конвенциясын, Қазақстан Республикасының «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы» кодексін, Қазақстан Республикасының «Баланың құқықтары туралы» Заңын, "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы", "Неке және отбасы туралы", "Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы"  Заңдарын және басқа да білім беруді дамытудың бағыттары мен келешегін айқындайтын нормативтік құқықтық актілерді; педагогика мен психология негіздерін; мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын; педагогиканы, педагогикалық психологияны, педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктерін; экономика негіздерін, қаржы-шаруашылық қызмет туралы заңнамаларды, еңбек туралы, еңбекті қорғаудың, техника қауіпсіздігі және өртке қарсы қорғанудың ережелері мен нормаларын, санитарлық ережелер мен нормаларды, дәрігерге дейінгі медициналық көмектің негіздерін.

Біліктілікке қойылатын талаптар:жоғары педагогикалық білім және мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу ұйымдарындағы педагогикалық жұмыс өтілінің 5 жылдан кем болмауы тиіс.

 

Астана қаласының Білім басқармасы 2014 жылдың сәуір айындағы мәліметі бойынша мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің бос лауазым орындары бар екенін хабарлайды:

1. Басқарма басшының орынбасары;
2. Қосымша білім беру және тәрбие жұмысы бөлімінің басшысы (негізгі қызметкердің бала күту демалысы мерзіміне);
3. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бөлімінің басшысы;
4. Персоналды басқару қызметінің  бас маманы;
5. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бөлімінің бас маманы;
6. Қамқорлық және балаларды қолдау бөлімінің бас маманы.

24.04.2014 г.

«Астана қаласы Білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі

«Б» корпусы бос әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға кандидаттарды іріктеп алу жөніндегі конкурстық комиссия отырысының  қорытынды хаттамасы

 

№ 3 14.04.2014 ж.

 

«Астана қаласы Білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі  бос әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға кандидаттарды іріктеп алу жөніндегі конкурстық комиссиясы шешім ҚАБЫЛДАДЫ:

Экономикалық талдау және жоспарлау бөлімінің бас маманы лауазымына, D-О-4 санаты бойыншаАйгуль Турсынахунқызы Джолдыбаеваның кандидатурасы ұсынылды;

Жалпы орта білім беру бөлімінің бас маманы лауазымына,  D-О-4 санаты бойынша Эльмира Дулатбекызы Жакенованың  кандидатурасы ұсынылды;

Жалпы орта білім беру бөлімінің бас маман лауазымына                                   Лаура Мошқалқызы Алеуханованы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Астана қаласы бойынша департаментіне әкімшілік мемлекеттік қызметтің кадр резервіне алу үшін Д-О-4 санаты бойынша ұсынылсын.

 **          **         **         **           **


«Астана қаласы Білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі «Б» корпусы бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасуға кандидаттарды іріктеп алу жөніндегі конкурстық комиссия отырысының 2014 жылғы 07 сәуірдегі     № 2 хаттамасы және мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға қойылған біліктілік талаптарына сәйкестігін қарастырып Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының 2013 жылғы 19 наурыздағы № 06-7/32 бұйрығымен бекітілген бос әкімшілік мемлекеттік лауазымға орналасуға конкурс өткізу және конкурс комиссиясын калыптастыру қағидасының                 27-тармағына сәйкес бос лауазымдарға орналасуға кандидаттарға іріктеуді жүзеге асыратын  конкурстық комиссиясы шешім ҚАБЫЛДАДЫ:

         Белгіленген біліктілік талаптарға сәйкес келетін келесі конкурсқа қатысушылар әңгімелесуге жіберілсін:

         1. Жалпы орта білім беру бөлімінің бас маманы лауазымына                      D-О-4 санаты бойынша:

         1. Жакенова Эльмира Дулатбековна;

         2. Алеуханова Лаура Мошкаловна.

         2. Экономикалық талдау және жоспарлау бөлімінің бас маманы (негізгі қызметкердің бала күту демалысы мерзіміне) лауазымына                   D-О-4 санаты бойынша:

         1. Джолдыбаева Айгуль Турсынахуновна;

         2. Мырзабекова Айгерим Бауыржановна;

         3. Кожахметова Асель Киясиденовна.

08.04.14 


* *                  **                      **                          **


«Астана қаласының Білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі, 010000, Астана қаласы, Бейбітшілік к., анықтама үшін телефон: 8 (7172) 55-68-55, 55-68-57, bilim.astana.kz «Б» корпусы бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға конкурс жариялайды:
   

1. Экономикалық талдау және жоспарлау бөлімінің бас маманы (D-О-4 санаты, 1 бірлік). Лауазымдық жалақысы мемлекеттік қызмет өтіліне қарай 64 063 теңгеден 86 485 теңгеге дейін.
Негізгі функционалдық міндеттері: Өз құзыреті аясында Министрліктердің, Басқармалардың, сыртқы ұйымдар қызметкерлерімен байланыс жасайды. Басқарма құзыретіне жататын мәселелер бойынша өзіне жүктелген қызметті орындауға қажетті ақпаратты Басқарманың ведомствалық ұйымдарынан белгіленген тәртіппен сұрайды және толық көлемде алады. Бөлім қызметі саласына жататын мәселелер бойынша кеңестер, конференциялар, семинарлар жұмысына қатысады. Желі, штаттар бойынша сандық көрсеткіштерді қабылдау. Қосымша білім беру ұйымдарынан, интернат мекемелерінен, балалар үйінен, кәсіптік-техникалық білім ұйымдарынан, және ақпараттандыру орталығынан, 12 жылдық білім беруді қолдау және ағылшын тілі орталығынан, оңалту орталықтарынан, дарынды балаларға арналған мекемелерден, ПМПК, Балаларды әлеуметтік бейімдеу орталығынан, «Астана дарыны» өңірлік ғылыми-практикалық орталығынан міндеттемелер мен төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарына есептеулер қабылдау және тексеру. Білім басқармасы бойынша бюджетті қаржыландыру жоспарын қалыптастыру. Бағдарламалар бойынша бюджеттік өтінімдер қабылдау, Астана қаласының Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына жинақтау. Тарифтеу мен есептеулер қабылдау және тексеру. Білім басқармасы бойынша жиынтық тарифтеу жасау. Кредиторлық берешектер мен салық туралы мәлімет ұсыну. Республикалық бюджет комиссиясының және қалалық мәслихат сессиясының бюджет комиссиясының қарауына материалдар дайындау. Қазынашылық органдарға анықтама жасау. Білім мекемелерінде бюджеттің орындалуын талдау. Республикалық бюджеттен мақсатты ағымдағы трансферттер бойынша, «Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасын іске асыру бойынша есеп жасау және ҚР Білім және ғылым министрлігіне, Астана қаласының Қаржы, Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына тапсыру. Республикалық бюджет комиссиясының және қалалық мәслихат сессиясының бюджет комиссиясының қарауына материалдар дайындау. Міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарларын қарау, бюджеттің орындалуы туралы желілер мен штаттар туралы есеп жасау. Стратегиялық жоспарға, бюджетті нақтылау (түзету) кезінде республикалық бюджеттен мақсатты ағымдағы трансферттер бойынша келісімге өзгеріс енгізу. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының іс-шаралар жоспарын, Аймақты дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасын орындау.
Үміткерлерге қойылатын негізгі талаптар: Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару) салаларындағы жоғары білім, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару) салаларындағы ортадан кейінгі білімі барларға рұқсат етіледі. Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының Президенті туралы», «Қазақстан Республикасының Парламентi және оның депутаттарының мәртебесi туралы», «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Конституциялық заңдарын, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Заңдарын, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңын, «Бюджет» кодексін, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін білуі.  

2. Қамқорлық және балаларды қолдау бөлімінің бас маманы (негізгі қызметкердің бала күту демалысы мерзіміне) (D-О-4 санаты,1 бірлік). Лауазымдық жалақысы мемлекеттік қызмет өтіліне қарай 64 063 теңгеден 86 485 теңгеге дейін.      
Негізгі функционалдық міндеттері: Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын Қазақстандық азаматтарға және шетелдіктерге балаларды (әлеуетті асырап алушылардың құжаттарын дайындау және зерделеу, тұрмыстық жағдайын зерттеу, бала асырап алу мәселесі бойынша сот отырыстарына қатысу) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес асырап алуға табыстау тәртібін қамтамасыз етеді. Қазақстандық балаларды асырап алуға тілек білдірген шетел азаматтары жөнінде мәліметтерді зерделейді және материалдарды дайындайды. Отбасына баламалы орналастыру мәселесі бойынша құжаттарды зерделейді және ұсыныстарды басшыларға ұсынады. Ата-аналардың балаларынан бас тарту себептері туралы зерттеу жүргізеді, аналарын іздейді. Әлеуетті бала асырап алушылардың, асырап алуға жататын балалардың деректер қорын қалыптастырады. Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың орталықтандырылған деректер қорына есепке қою үшін асырап алуға жататын балалардың деректер қорын жасайды және жүргізеді. Асырап алынған балалар туралы деректердің тоқсан сайынғы есебін жасауды қамтамасыз етеді. Денсаулық сақтау басқармасымен (балаларды мамандандырылған сәбилер үйіне белгілеу бойынша қаулы жобасын дайындау, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар туралы деректерді салыстыру) бірлескен жұмыс ұйымдастырады. «Асырап алған ата-аналар мектебінің» жұмысын ұйымдастырады. Жетекшілік ететін мәселелер бойынша азаматтар мен ұйымдардың өтініштерін, шағымдары мен ұсыныстарын қарайды. Басқарма басшылығының басқа да тапсырмаларын орындайды.
Үміткерлерге қойылатын негізгі талаптар: «Білім», құқық (заңгер, құқық қорғау жұмысы) салаларындағы жоғары білім, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда «Білім», құқық (заңгер, құқық қорғау жұмысы) салаларындағы ортадан кейінгі білімі барларға рұқсат етіледі. Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының Президенті туралы», «Қазақстан Республикасының Парламентi және оның депутаттарының мәртебесi туралы», «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Конституциялық заңдарын, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Заңдарын, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі. Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «ҚР баланың құқықтары туралы», «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы Заңы, Қазақстан Республикасының «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексі, Бала құқықтары туралы Конвенцияны білуі.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:
1) белгіленген нысандағы өтініш;
2) 3х4 үлгідегі суретпен белгіленген нысанда толтырылған сауалнама;
3) білім туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшірмелері;
4) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшірмелері;
5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілердің тізілімінде 2010 жылғы 21 желтоқсанда № 6697 болып тіркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама;
6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің көшірмесі;
7) құжаттарды тапсыру сәтінде  уәкілетті органмен белгіленген шекті мәннен төмен емес нәтижемен тестілеуден өткендігі туралы қолданыстағы сертификат құжаттарды қабылдау мерзімі конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап 10 жұмыс күннің ішінде ( «Вечерняя Астана» және «Астана ақшамы»), «Астана қаласы Білім басқармасының» мемлекеттік мекемесі, 010000, Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 11 үй, № 720 кабинет мекен-жайы бойынша тапсырылуы тиіс.
Конкурс комиссиясының қарауына құжаттарды қабылдау мерзімінде азаматтардың өздері әкеліп берген немесе поштамен жіберген (қоса тіркелген құжаттардың тізбесі көрсетілген құжат тігілетін папкада орналастырылған) құжаттары қабылданады.
Құжаттарды электрондық пошта арқылы берген азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күн бұрын кешіктірмей беру қажет.
Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап бес жұмыс күн ішінде «Астана қаласы Білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінде өтеді.