Меню KDT

Достарыммен бөлісу:


Жаңалықтар

№1 Балалар музыка мектебі Астана күніне орай мерекелік концерт ұйымдастырады

02.07.2014
Просмотров: 480
Құрметті қала тұрғындары  біз Астананың қалыптасуының куәгерлері және осы ауқымды зор жобаны жүзеге асыру мүмкіндігін көзбен көру бақытына ие болып келеміз. Астана күніне орай Сіздерді №1 Балалар музыка мектебінің «Аяулы Астанам» атты концертіне шақырамыз!!!
Толығырақ >>

Донор күні

23.06.2014
Просмотров: 328
21 маусым күні сағат 12:00-де Денсаулық министрлігінің ұйымдастырылуымен «Арай» Этнопаркінде Донор күніне арналған «Капля вашей крови, спасет чью-то жизнь» іс-шарасы өткізілді. №1 Балалар музыка мектебінің қобызшылар ансамблі, «Dolce» скрипкашылар ансамблі, домбырашылар ансамблі, №2 БММ, №3БММ, №1ӨМ, №2ӨМ оқушылары қатысты.
Толығырақ >>

Мектеп бітірушілер кеші - 2014

19.06.2014
Просмотров: 444
Әрбір оқу жылының ең есте қалар қызықты сәті –мектеп бітірушілер кеші. Бұл күнді мектеп бітіруші түлектер қимастық сезіммен, ерекше көңіл-күймен тосады. Олар үшін бұл мереке – балалық шақпен, қимас достарымен, алтын ұя мектебімен, ақылшы ұстаздармен қоштасу кеші. Ең маңыздысы – үлкен өмір жолына жасаған алғашқы қадамдары.
Толығырақ >>

«Арман» лагерінің ашылуы

14.06.2014
Просмотров: 401
2014 жылы 13 маусым күні сағат 16.00-де «Арман» лагерінің ашылуы өтті. Білім басқармасының орынбасары Сенғазыев Қ.С., №1 БММ директоры Канапиева С.Т., №52 мектеп мұғалімдері. Бұл іс-шараның өткізілуіне №1 Балалар музыка мектебінің оқушылары Садық Қанат, Қадырбек Елнұр және «Астана» вокал тобы қатысты, мұғалімі Таженова Гүлнәз. Іс – шара жоғары дәрежеде өтті.
Толығырақ >>

Астаналық оқушылар «Қауіпсіз демалыс» акциясының аясында құтқарушылардың жұмысымен танысты

14.06.2014
Просмотров: 382
Жазғы демалыс басталғалы, мектеп жанындағы лагерлер жұмыс істей бастады. Осыған байланысты, «Алматы» ауданы Төтенше жағдайлар басқармасы «Қауіпсіз демалыс» атты акциясы аясында мүмкін болатын төтенше жағдайлар кезінде балалардың жарақат алуын алдын-алу және әрекет ету тәртібін насихаттауды меңзейтін іс-шаралар кешенін атқару үстінде.
Толығырақ >>

Астананың жас құтқарушылары «Қазқұтқару-2014» халықаралық жиын-семинарынан келді

13.06.2014
Просмотров: 336
«Қазқұтқару-2014» 19-шы халықаралық жиын-семинарынан астаналық жас құтқарушылар келді. Айта кетейік, қалалық «Жас құтқарушы» сайыстарының қорытындысы бойынша, бірінші орынды Астана қаласы әкімдігінің «Балалар үйі» ҚММ-нің тәрбиеленушілері иеленіп, аталмыш ірі халықаралық іс-шараға Елорда атынан қатысқан болатын.
Толығырақ >>

Хабарландыру

  •   «Айбынды маусым-2014» бағдарламасы бойынша 7-8 сынып оқушылары арасындағы

    "Ақ сұңқар" әскери-спорт ойынын өткізу туралы

    Мақсаты:

    - әскери патриоттық тәрбиені нығайту;

    Толығырақ >>

  • 2014 жылдың 11 маусымында сағат 12.00-де № 16 орта-мектебінде сайт әкімшіліктеріне және информатика пән мұғалімдеріне арналған отырыс өтеді. Отырысқа әр мектептен бір информатика пәнінің мұғалімі қатысуы керек.

    Тіркеу: 11.30

    Басталуы: 12.00

    Мекен-жайы: № 16 ОМ, Кенесары көшесі, 81

  • Астана қаласының № 23 балабақшасында көзі көрмейтін балалар үшін топ ашу жөніндегі

    «Әлемді көре білуге үйрену» мерекелік іс-шараның баспасөз хабарламасы

    Астана қаласының Білім басқармасы 1 маусым - Балаларды қорғау күнін мерекелеу күні, сағат 10.00-де Астана қаласының № 23 балабақшасында көзі көрмейтін балалар үшін топ ашу аясында «Әлемді көре білуге үйрену» атты мерекелік іс-шара өткізеді.  

    Толығырақ >>

  • Астана қаласында Халықаралық балаларды қорғау күнін өткізу бойынша баспасөз парағы

     2014 жылғы 1 маусым күні қаланың екі алаңында іс-шаралар өткізіледі.

    Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі, М. Өтемісұлы атындағы Оқушылар сарайы алдындағы алаңдарда «Әлем балалар көзімен» мерекелік weekend ұйымдастырылады. 5000 бала қатысады.

    Толығырақ >>

  • Астана қаласының мектепке дейінгі мекемелеріне топтау
    Топтау 2014  жылғы 2 маусымнан басталады   Өткізілетін орны: № 61 мектеп (Қарталы көшесі)   Жұмыс режімі: күнделікті сағат 10.00-ден 18.00-ге дейін,   үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін.   Сенбі, жексенбі –демалыс күндері.
  • «Үздік тарихшы» қалалық байқауы 

    19-05-2014

    2014 ж.     20 мамыр күні   қазақ тілінде оқытатын тарих пәні  мұғалімдері үшін «Үздік тарихшы» қалалық байқауы   №71 мектеп-лицейде ү.ж.  20 мамырында сағат 14.00-де  өтеді.

    Толығырақ >>

  • Бүгін «ҮЗДІК МҰҒАЛІМ» қалалық байқауын өтеді

    16-05-2014

    Астана қаласы Білім басқармасының «Астана дарыны» өңірлік ғылыми-практикалық орталығы № 54 мектеп-лицейінде «Үздік мұғалім» қалалық байқауын2014 жылғы мамыр айының 16 күні сағат 15.00-де өткізеді.

    Толығырақ >>

  • Хабарландыру

     11-05-2014

    2014 жылғы 16 мамырында сағат 11-00-де «Су тасқыны кезіндегі халықтың іс-қимылы» деген тақырыпта қазақ және орыс тілдерінде интерактивтік сабақ өткізіледі.

             Сабақты Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Төтенше жағдайлардың алдын алу департаментінің қызметкерлері Еділ Жақсылықұлы Әбдірайымов және Ақбота Болатқызы Ақманова жүргізеді.

     

  • Сайт әкімшіліктеріне арналған кеңес

    09-04-2014

     Хабарландыру!    2014 жылдың 17 сәурінде сағат 15.00 № 1 МЛ-де сайт әкімшіліктеріне арналған кеңес өтеді. Кеңеске  мектеп сайтына жауапты сайт әкімшілігі немес информатика пәні мұғалімі келуі қажет.    Ескерту: шығармашылық топ келмейді, тек мұғалім келуі керек.     55-68-90     8-701-147-12-00  

  • Құрметті ата-аналар!

    03-09-2013

     Құрметті ата-аналар!    Астана қаласының Білім басқармасы  www.astana-bilim.kz . Білім беру порталының жұмысы туралы хабарлайды.   Мектеп сайттарының каталогы «Білім беру мекемелері» бөлімінде орналасқан.