Меню KDT

Достарыммен бөлісу:


Жаңалықтар

№1 Балалар музыка мектебі Астана күніне орай мерекелік концерт ұйымдастырады

02.07.2014
Просмотров: 480
Құрметті қала тұрғындары  біз Астананың қалыптасуының куәгерлері және осы ауқымды зор жобаны жүзеге асыру мүмкіндігін көзбен көру бақытына ие болып келеміз. Астана күніне орай Сіздерді №1 Балалар музыка мектебінің «Аяулы Астанам» атты концертіне шақырамыз!!!
Толығырақ >>

Донор күні

23.06.2014
Просмотров: 328
21 маусым күні сағат 12:00-де Денсаулық министрлігінің ұйымдастырылуымен «Арай» Этнопаркінде Донор күніне арналған «Капля вашей крови, спасет чью-то жизнь» іс-шарасы өткізілді. №1 Балалар музыка мектебінің қобызшылар ансамблі, «Dolce» скрипкашылар ансамблі, домбырашылар ансамблі, №2 БММ, №3БММ, №1ӨМ, №2ӨМ оқушылары қатысты.
Толығырақ >>

Мектеп бітірушілер кеші - 2014

19.06.2014
Просмотров: 444
Әрбір оқу жылының ең есте қалар қызықты сәті –мектеп бітірушілер кеші. Бұл күнді мектеп бітіруші түлектер қимастық сезіммен, ерекше көңіл-күймен тосады. Олар үшін бұл мереке – балалық шақпен, қимас достарымен, алтын ұя мектебімен, ақылшы ұстаздармен қоштасу кеші. Ең маңыздысы – үлкен өмір жолына жасаған алғашқы қадамдары.
Толығырақ >>

«Арман» лагерінің ашылуы

14.06.2014
Просмотров: 401
2014 жылы 13 маусым күні сағат 16.00-де «Арман» лагерінің ашылуы өтті. Білім басқармасының орынбасары Сенғазыев Қ.С., №1 БММ директоры Канапиева С.Т., №52 мектеп мұғалімдері. Бұл іс-шараның өткізілуіне №1 Балалар музыка мектебінің оқушылары Садық Қанат, Қадырбек Елнұр және «Астана» вокал тобы қатысты, мұғалімі Таженова Гүлнәз. Іс – шара жоғары дәрежеде өтті.
Толығырақ >>

Астаналық оқушылар «Қауіпсіз демалыс» акциясының аясында құтқарушылардың жұмысымен танысты

14.06.2014
Просмотров: 382
Жазғы демалыс басталғалы, мектеп жанындағы лагерлер жұмыс істей бастады. Осыған байланысты, «Алматы» ауданы Төтенше жағдайлар басқармасы «Қауіпсіз демалыс» атты акциясы аясында мүмкін болатын төтенше жағдайлар кезінде балалардың жарақат алуын алдын-алу және әрекет ету тәртібін насихаттауды меңзейтін іс-шаралар кешенін атқару үстінде.
Толығырақ >>

Астананың жас құтқарушылары «Қазқұтқару-2014» халықаралық жиын-семинарынан келді

13.06.2014
Просмотров: 336
«Қазқұтқару-2014» 19-шы халықаралық жиын-семинарынан астаналық жас құтқарушылар келді. Айта кетейік, қалалық «Жас құтқарушы» сайыстарының қорытындысы бойынша, бірінші орынды Астана қаласы әкімдігінің «Балалар үйі» ҚММ-нің тәрбиеленушілері иеленіп, аталмыш ірі халықаралық іс-шараға Елорда атынан қатысқан болатын.
Толығырақ >>

«Айбынды маусым» әскери-спорттық алаңы

12.06.2014
Просмотров: 419
2014 жылғы 10 маусымда №16 ОМ базасында, жазғы «Айбынды маусым» әскери-спорттық алаңының 1 маусымы аяқталды. 3 бөлім бойынша бағдарлама орындалды. 2. «Оқуда қиын болса, ұрыста жеңіл» 3. «Дені саудың – жаны сау» сабақтардың сапалы өтуі үшін 4 оқу орны, спорттық алаңдар мен мектептің атқыштық тирі ұйымдастырылды.
Толығырақ >>

«Мен сені сүйемін, Астана!» бейнелеу өнері, керамика, қолданбалы өнер және қазіргі заман дизайны көрмесі

11.06.2014
Просмотров: 324
Оқушылар сарайы медиаортылығының «журналистика» үйірмесінің мүшелері 5 маусым күні «Фейсбук» арқылы Астана күніне арналған «Мен сені сүйемін, Астана!» атты байқау өткізілетінін хабарлады. Оған балалар өздерінің суреттерін, қолөнер бұйымдарын қоюға болатыны айтылды.
Толығырақ >>

«Астана қаласы қарттар мен мүгедектерге арналған медициналық-әлеуметтік мекеме» ММ тұрғындары үшін қайырымдылық акциясы

11.06.2014
Просмотров: 346
Астана күні мерекесіне арналған іс-шаралар шеңберінде «Астана қаласының менеджмент және бизнес колледжі» ЖШС 2014 жылы 11 маусымында «Астана қаласы қарттар мен мүгедектерге арналған медициналық-әлеуметтік мекеме» ММ тұрғындары үшін қайырымдылық акциясын өткізді.
Толығырақ >>

Мектеп түлектерінің күәлік тапсыру мерекесі

09.06.2014
Просмотров: 316
7 маусым сағат 15.00-де 2014жылы №1 Балалар музыка мектебінің «Соңғы қоңырау» атты мектеп түлектерінің күәлік тапсыру мерекесі өткізілді. Іс – шара барысында мектеп директоры Канапиева Саулеш Төлегенқызына, оқу-ісінің меңгерушісі Мырзақұлова Үрләй Жанабайқызына сөз берілді. 2014 жылы мектеп бітірушілер саны 80 оқушы, сонымен қатар 3 оқушы Қазақ Ұлттық Өнер Университетінің грант иелері.
Толығырақ >>